вторник, 19 апреля 2016 г.

Әлемнің жеті кереметі

  Әлемнің жеті кереметі - біздің заманымызға дейін 3 ғасырда Ескендір Зұлқарнайын Кіші АзияОрта АзияМысырОңтүстік Үндістан территорияларын жаулап алып, ұлы империя құрғаннан кейін, саяхатшыларды қызықтыру үшін осы өңірлердегі 7 орыннан таңдаған сәулет өнері ескерткіштері.



 Мысыр пирамидаларыМысыр жерінде орналасқан ежелгі пирамидалар кешені. Осынау зор тас құрылыстар Ежелгі Египет перғауындарының сағанасы болып саналады. Сағаналар осыдан 5 мың жыл бұрын салынған.
All Gizah Pyramids.jpg
Ең үлкен пирамида Хеопс перғауынның әмірімен тұрғызылған. Оның биіктігі – 147 м. Ежелгі грек тарихшысы Геродоттың жазбасында пирамиданы 100 мың адам 20 жыл бойы салғандығы айтылады. Пирамидалардың салынуы, құрылысы жөнінде айтылған пікірлер сан алуан. Дегенмен аптапты Египет аспаны астында мыңдаған құл тас қарумен дәу тастарды бөліп алып, оны құрылыс орнына арқанмен сүйретіп жеткізген, пирамида биіктеген сайын тас блоктарды қолмен жоғары көтерген деген пікірлер басым.
 Алып құрылыстар осы күнге дейін көрушісін қайран қалдырады. Осы пирамидалар Әлемнің жеті кереметінің біріне кіреді.
 Семирамида аспалы бағы — Вавилонның патша сарайындағы алып құрылыс, Әлемнің жеті кереметінің бірі. Бұл сәулет туындысы ежелгі дәуірде билік жүргізген патша Навуходоносор ІІ-нің бұйрығымен өзі тұратын сәулетті сарайдың кең ауласында тұрғызылған. Тарихи деректерге қарағанда, Навуходоносор б.з.б 605-562 жылдар аралығында патшалық етіп, Вавилон империясын құрып, кейін Вавилон қаласының атағын шығарған. Табаны төртбұрышты, төрт қабатты алып құрылыс тепкішектері жоғары көтерілген сайын қусырылып биіктей береді. Семирамида аспалы бағының әрбір террасалы тепкішектері үстіне қалың құнарлы топырақ төгіледі, әрі соның бетіне Вавилонияның, Мидияның және басқа елдерден арнайы алдырған алуан түрлі жеміс ағаштары мен көк желекті бұталар отырғызылады. Шөлді, ауа-райы ыстық Вавилония елінде көкке шаншыла, жапырақтары жайқалып өскен ағаштардың саясынан ескен салқын самалды аспалы бақ жергілікті тұрғындарды таң-тамаша қалдырады. Сол дәуірдің куәгерлері қалдырған деректерге қарағанда, осындай таңғажайып тамаша аспалы бақ дүние жүзінің ешбір елінде болмағанға ұқсайды. Сонысымен ол “әлемнің жеті кереметінің” біріне айналса керек. Бұны Бағдадтың оңт. жағынан 88 км қашықтықтағы Вавилон қаласының орнына жүргізілген археологиялық қазбалар кезінде бақ террасаларын суаруға арналған алып конструкциялы құрылыстардың табылуы да дәлелдей түседі.
Шығу тарихы


Навуходоносор II атты Вавилон патшасы(б.з.б 605—562 )ең басты жауы- Вавилон мемлекетінің астанасын екі рет талқандатқан Ассирияға қарсы тартыс үшін Мидия ханы, Киаксармен әскери одақ құрады. Жеңіске жеткен олар Ассирия жерін өз арасында бөліп алады. Олардың әскери одағы Навуходоносор II - нің Мидия ханының қызы Амитиске үйленуімен расталды. Таулы және жасыл Мидияда өскен патшайымды жалаң құмды жазықта орналасқан шаңды да, дулы Вавилон қуантпады. Оны жұбату үшін, Навуходоносор аспалы бақ тұрғызуды бұйырады. Бірақ тарихи ғылымда жаңылысып, бақ атауын одан екі ғасыр бұрын өмір сүрген ассириялық Семирамида патшайымның атауымен атап кеткен.
Жердегі жұмақ

 Деректерге қарағанда, Навуходоносор Аспалы бақты Амитис үшін, Вавилонның шаңдағында өз елін аңсап жүрген кезінде салғызған. Қалың өскен өсімдіктер әлемі оның есіне Мидияның (қазіргі Иран) көк шалғын төбелерін есіне түсіретін. Бұл жасанды жолмен жасалған жұмақта жұбайлар қыдыратын, демалатын және сарай қызметшілерімен бірге тамақтанатын болған.
 Артемида храмы — әлемнің жеті кереметінің бірі. Кіші Азияның Эфес қ-нда салынған. Зевстің қызы Артемида ежелгі гректерде аңшылық құдайы ретінде танылған. Көне заманда ең маңызды күнкөріс көзін жебеуші Артемиданың қаншалықты сыйлы, құрметті екені өзінен-өзі түсінікті. Мұндай мәртебелі ғибадатхананы салу сәулетші Херсифронға тапсырылды. Ол құрылыс орнына Кайстра өз-нің бойындағы батпақты алаңды таңдады. Бұл жер сілкінісінен сақтаудың қамы еді. Ғибадатханаға Артемиданың аңшы киімінде, қолына садақ ұстатып таза ақ мәрмәрдан жасалған мүсіні қойылды. Шымыр денелі жас қыздың жүзінде батылдық, салқынқандылық бейнеленген. Салынуы 120 жылға созылған ғибадатхана құрылысын сәулетшілер Пеонит пен Деметра б.з.б. 450 ж. аяқтады. Б.з.б. 356 ж. Александр Македонскийдің туған күні Эфестұрғыны Герострат деген біреу храмды өртеп жіберді. Сөйтіп, әлемнің “жеті кереметінің” бірі болып А. х. және оны жоюшы болып Герострат аты қалды.
Аңыз
 Артемида ғибадатханасы салынған уақытта Эфест 200 мың халқы бар, құдайға құлшылық ететін маңызжы орталық болған. Херсифрон атты сәулетші ғибадатхананы сол кездегі құрылыс әдістерінің бірі- ионика ордерінің стилімен тұрғызылған. Сол кездегі қарапайым құралдар мен көліктер көмегімен Артемида сяқты ғибадатхана салу үлкен жетістік еді. Ғибадатхана салу үшін бірнеше жылдар бойы сәулетшілер, тас қалаушылар, құлдар армиясы еңбек етті. Олар діни орынның құрылыс жұмысын керемет құлшыныспен істеп, нәтижесінде таңғаларлық ғимараты дүниеге әкелді. Храмның көркі сол замандағы барша адамзатты таңғалдырды. Құрылыстың сәтті шыққаны соншалық, Грекияның түкпір-түкпірінде осы ғибадатханаға стилі жағынан ұқсас құрылыстар салына бастады. Алайда Артемида ғибадатханасының ғұмыры ұзаққа бармады. Біздің заманымызға дейінгі 356 жылдың 21 шілдесінде атаққа шөлдеген есер Геростат деген біреу түн ішінде ұрланып келіп, сәулетті сарайды өртеп жібереді. Аңыздар желісі бойынша, Ескендір Зұлқарнайын дәл осы ғибадатхана жалын құшағына оранған түні өмірге келеді. 25 жылдан кейін Ескендір патша ғибадатхананы қайта тұрғызуға әмір берді.



 Зевстің алтын мүсіні – кезінде Ежелгі Грекиядағы Олимп тауында Зевс құдайға орнатылған ескерткіш, “әлемнің жеті кереметінің” бірі. Б.з.б. 5 ғ-да өмір сүрген белгілі афиналық мүсінші Фидий сомдаған. Ежелгі гректер құдайлардың құдайы деп сенген Зевске арнап ақ мәрмәрдан зәулім сарай тұрғызған болатын. Фидий өзінің мүсінін осы сарай ішіне сомдаған. Тақта отырған құдай мүсінінің биіктігі 17 м болған, ол сарай төбесіне сәл-ақ тимей тұрған. Зевс отырған тақ түгелдей алтын және піл сүйегінен жасалған. Негізгі ағаштан істелген құдай мүсінінің беті, қолы, аяғы және ашық төсі өте нәзік зергерлікпен өңделген піл сүйегімен түгелдей қапталған. Мүсіннің белден төм. бөлігі гүлдермен, жұлдыздармен, әр түрлі хайуанаттар бейнесімен көркемделген алтын жамылғымен жабылған. Мүсінші Зевстің бір қолына ұстатқан жеңімпаздық құдайыНика бейнесі де, екінші қолындағы қыран қонған тұғыр да алтын мен піл сүйегінен жасалған еді. Ал Зевстің басына таза алтыннан өрілген тәж кигізілген болатын. Ежелгі гректер ең үлкен бақытсыздық – Зевс құдайдың алтын мүсінін көрместен бұрын өліп кету деп есептеген. Сондықтан да ес білген әр адамға бұл бейнені көру арман болған. Б.з. 5 ғ-нда Зевс мүсінін Грекиядан Константинопольге (қазіргі Стамбұлға) көшірген. Мүсін сонда өртте қалып жоқ болды. Бірақ оны көрген адамдардың жан-жақты суреттеп, сипаттап қалдырған көптеген қолжазбалары арқылы Зевстің алтын мүсінінің қандай болғанын көзге елестетуге болады.


 Галикарнастағы Мавзолей әлемнің жеті кереметінің бірі болып саналады. Өзінің керемет сәулеттілігі және ұлылығы үйлесімін тапқан Галикарнастағы Мавзолей бір кезде керемет адамдар тамашалайтын орындардың бірінің қызметін атқарған. Ол б.э.д. 4- ғасырда Түркияның оңтүстік-батысындағы мемлекеттің басты тұлғасы - патша Мавсолдың моласы ретінде жасалған. Мавсол (б.э.д. 377-323 жж.) Кари патшалығын және оған тәуелсіз Парсы империясының бір бөлігінің басшысы болды. Оның атаққұмар жобаларының арқасында Галикарнас Эгей теңізі жағасындағы ұла қала болды. Оның құрылысы Мавсолдың тірі уақытында басталған. Мавзолейдің жобасын атақты сәулетшілер СатирПифейЛеохарСкопасБриаксидТимофей жасады. Мавсол өлгеннен кейін б.э.д. 353 ж. құрылыс жұмысын билік тізгінін өз қолыны алған әйелі Артимисия III басқарды. Артимисия III де құрылыс жұмысы аяқталмай тұрып өлген, өз даңқтарын мәңгі қалдыру мақсатында мүсіншілер жұмысты аяғына жеткізу керек деп шешкен. Ақырында мемориал қирап, археологтар Мавзолейдің көптеген құпияларын ашқан. Галикарнас аты кейін Бодрумға өзгертілген, Мавзолейдің қалдықтары осы қаланың мұражайында сақталған.

Галикарнастың жоба сұлбасы
Галикарнас жеті шақырым қорғаны, қақпасы бар мәртебелі қала болатын. Қаланың назар аударарлықтай жерлеріне: Марс Шіркеуі және әйгілі көпшілік ойын-сауықтар өткізілетін амфитеатр, Мавсолдың отбасы және қызметшілері тұратын сарай кірді. Мавзолей Галикарнастың негізін қалаушы Мавсолдың маңыздылығын көрсету мақсатында қаланың ең басты көшесінің бойына, базар алаңының жанына салынды.
Мавзолейдің құлауы
Мавзолей жер сілкінуі салдарынан бүлінген, бірақ оны бір-жола 1522 ж. крес жорығының жауынгерлері жойып жіберді. Олар оның материалдарын түріктерден қорғану мақсатында өздерінің бекінісін нығайтуға пайдаланды. 1846 жылы қалдықтарды Британияның музейі Чарльз Томас Ньютон басқарған экспедиция зерттеді.
Жерлеу камерасы
Мавсолдың денесі өртеліп, күлі жердің астындағы қабірге қойылды. Сүйек жерленген соң, кіретін жерге адам орнынан қозғалта алмайтындай үлкен тас қойып, үстін топырақпен жауып тастаған. Нәтижесінде басқыншылар молаға баратын жол қазып, оны тонап кеткен. Жақында археологтар сақталып қалған кейбір асыл қазыналарды тапқан, мысалы, киімге тағылатын алтын бұйымдар.
Қызықты мағлұматтар
  • Мавзолей Хеопс пирамидасынан басқа, әлемнің кейбір кереметтеріне қарағанда ең ұзақ сақталды.
  • Бірнеше мүсіндер ғимарат құлаған кезде топырақтың астында қалып сақталып қалған. Дренажды (құрғатқыш) жабу үшін пайдаланылған фриз, бірнеше жылдар бойы белгісіз жата берген.
  • Мавсолдың атына байланысты шыққан «Мавзолей» сөзі қазірге дейін үлкен кесененің аты ретінде пайдаланылып жүр.
  • Мавзолей жер сілкінуі салдарынан бүлінген, бірақ оны біржола 1522 жылы крес жорығының жауынгерлері жойып жіберді. Олар оның материалдарын түріктерден қорғану мақсатында өздерінің бекінісін нығайтуға пайдаланды.
  • Дереккөздер
"Әлемнің ұлы кереметтері" кітабы, Алматыкітап, 2005 жыл. Авторы: Рассел Эш, суретшісі: Ричард Бонсон.
Родостағы алып мүсін (колосс) - Артемида мавзолейі мен ғибадатханасының кіші замандасы болатын. Біздің жыл санауымызға дейінгі 304 жылы Александр Македонский державасының мұрагері, Алдыңғы Азия мен Сирия билеушісінің ұлы – Деметрий Полиоркет Кіші Азия жағалауына тиіп тұрған шағын аралдың тұрғындарын ұзақ уақыт қоршауға алған соң кейін шегінеді.
Родостықтарға тізе бүктіру үшін Полиоркет сол кездің ең жетілген әскери техникасын қалаға әкеледі. Қаланы қоршаған әскердің мақтан тұтары гелеополид деп аталатын аттамалы көпірі бар, тас ата алатын, шабылушыларын түсіретін алаңқай бар қамал бұзғыш қару болатын. Темірмен қаптап тастаған гелеополидтіүш мың төрт жүз жауынгер қозғалысқа келтіретін.
Полиоркет сәтсіз шабуылдан соң гелеополидті аралдың жағасына тастап кетеді. Міне, осы керемет қалаға қыруар пайда келтіріп қана қоймай, даңқа да бөлейді. Қалаға ағылып келіп жатқан саудагерлар гелеполидті сатып алу үшін мол қаржы ұсынады. Одан түскен қаржыға Родостың желеп- жебеушісі – Гелиостың мүсінін орнатуға пәтуаласады.
Мүсінді құюды Лисипптің шәкірті, мүсінші Хареске тапсырады. Харес Гелистың тұрған қалпын бейнелеуді ұсынады. Сол қолынан сусып төгілген жамылғының бір ұшы жерге жетіп, оң қолын маңдайына тигізген қалпы қиырға қарау керек болды. Рас, мұндай тұрыс дәстүрліүлгімен үйлеспейтін, алайда, құдайдың қолын алға создырса алып мүсіннің орнықсыз болатынын Харес біледі.
Отыз алты метрлік зор мүсінге иығана деңгейлес темір арқалықпен бекітілген үлкен үш тас бағана негіз болды. Бағаналардың түбі мүсіннің екі аяғы мен жамылғы арқылы тұғырға орнатылады. Ал, иықпен және белмен деңгейлес тұстары көлденең діңгектермен ұстатылған.
Алып мүсін айлақтың жағасында ақ мәрмәрмен өрілген жасанды төбемен бірге көтеріледі. Он екі жыл бойы ешкім көре алмайды. Өйткені, мұсіннің қаңқасына кезекті қола жапырағы кигізілгенде, шеберлерге ыңғайлы болу үшін төңірегіне үйілген топырақ биіктетіліп отырған. Кейін бос топырақ алынғанда ғана родостықтар өздерінің желеп жебеуші құдайын көріп, басындағы нұр шашқан шірге сұқтана қарайды.
Жарқыраған құдай мүсіні Родосқа келе жатқан жолаушының көзіне қиырдан шалынатын. Алайда, жарты ғасыр өткенде Родосты қиратқан аса зор жер сілкінісі алып мүсінді де құлатқан. Мүсіннің ең осал жері қос тізесі болып шығады. Осыдан «балшық аяқты мүсін» деп келетін мәтел қалған.
Родостықтар алып мүсінді тұрғызбақ болады, бірақ ештеңе өнбейді. Алып мүсін келімді кетімді қызықтайтын аралдағы ең басты белгі болып айлақ жағалауында жата береді. Бағы тайған алыпты біздің заманымыздың бірінші ғасырында Үлкен Плиний келіп көрген. Мүсіннің бас бармағына ілеуде біреудің ғана құшағы жететіні Плинийді қайран қалдырады. Рим әдебиетіндегі аңыз бойынша, ол алғашқыда айлақ үстінен асқақтап көтеріліп тұрғанда, үлкендігі соншалық, қалаға келетін кемелер оның екі аяғының ортасынан өтеді екен дейді.
977 жылы ақшаға мұқтаж болған араб билеушісі бір көпеске сатқанға дейін қақ бөлінген алып мүсін Родос аралында мың жыл жатады. Ал, көпес мүсінді қайта балқыту үшін бірнеше бөлікке бөліп, таза қоланың өзін 900 түйеге теңдеп әкетеді.
 Александрия шамшырағы — “Әлемнің жеті кереметінің” бірі саналатын, б.з.б. 280 ж. салынған архитектуралық құрылыс. Александрия шамшырағын Ніл аңғарына таяу, Фарос аралының шығыс бөлігіне Мысыр патшасының (Птоломей әулетінің өкілі) бұйрығымен Книдтік Сострат тұрғызған. Кейінгі ұрпаққа өз атын қалдырғысы келген сәулетші шамшырақтың мәрмәр қабырғасына “Книдтен шыққан Декстифонұлы Сострат, теңізшілердің амандығы үшін құтқарушы-құдайларға бағыштайды” деп жазған. Бірақ патшаның қаһарынан қорқып жазудың үстін сылап бетіне әміршінің атын жазған. Уақыт өте келе сылақ түсіп қалып, ел сәулетшінің өз атын білді.

2006 жылғы зерттеу бойынша қайта құрылған моделі.
Александрия шамшырағы өз заманындағы өнер мен ғылымның ғажайып үлгісі болып табылады. Биіктігі 120 м шамасындағы үш қабатты мұнараның бірінші қабаты орасан зор шаршы көлемде әктастан тұрғызылған. Екінші қабат сегіз қырлы мұнарадан тұрады, оның сегіз қыры белгілі сегіз желдің бағытына қарай орналастырылған. Бізге жеткен деректерден осы екінші қабатта флюгер желдің бағыты мен жылдамдығын анықтайтын құрал) міндетін атқарған ескерткіш-мүсіндердің болғаны анықталды. Мәрмәрмен қапталған мұнара зәулім шамшырақпен аяқталады. Осы үшінші қабат гранит колонналар тіреп тұрған күмбезбен жабылған. Күмбез басына өте алыстан анық көрініп тұрған теңіз құдайы Посейдонның 7 метрлік қола мүсіні қойылған. Александрия шамшырағы өзінің негізгі міндеті — теңізшілерге жол көрсетуден басқа, бекініс қызметін де атқарған. Құрылыстың ішінде ауыз су құйылған күбі сақталған. Ішкі бұрама баспалдақ арқылы алауға жанармай беріліп тұрған. Темір айналарды шебер қолдану нәтижесінде алау оты бірнеше еселеніп, өте алыстан көрінетін болған. Александрия шамшырағы 14 ғ-да жер сілкінісінен қираған.
Александрия маягы
Александрия маягы керемет көрініс болды: ол түнде жарық шашып, кемелерді су астындағы жартастарға соғылып қалмауларынан сақтандырып тұратын. Әлемнің жеті кереметінің ең соңғысы болып салынған маяктың практикалық пайдасы да болды, ол әрі бекініс, әрі қарауыл мұнарасы болды. Жүз жылдар бойы Фарос әлемдегі адамдар тұратын ең биік құрылыс қатарына жатты. Ол 1700 жыл бойы тұрған ол осы кезге дейін салынған маяктардың ішіндегі ең биігі болып табылады.
Салыну себептері
Александр Македонский Александрия қаласының негізін б.з.б. 332 ж. қалады. Алғашында бұл шағын балықшылар тұратын ауыл болатын, оның жағасындағы жартастарға үнемі кемелер соғылып апат болған. Қаланың өсіп, дамуына байланысты қалаға келетін кемелердің портқа шығынсыз жетулері үшін маяк қажеттілігі туған. Б.з.б. 229 ж. Александрдың мұрагері Птолемей Сотер жақын жердегі Фарос аралында маяктың құрылысын бастайды. Бұл 20 жыл мезгілге созылады.

Маяктың құлауы

Ақырында Александрияны арабтар басып алып, қала құлдырап, төмендеп кетті, кеме тоқтайтын жерді батпақ басты, Фаростың енді қажеті болмады. Жер сілкіністерінің тербеліс салдарынан ғимарат қирап, біртіндеп теңізге құлаған.

1 комментарий:

  1. How to Play the Best Slots in US 2021
    How to Play Online 룰렛 배팅 Slots 램 슬롯 순서 in the USA 2021. Online Slots Play the Best Slot Machines and Sports Betting. Best Payout Casinos 미스터 플레이 for 사설바카라 American Players and 토토 사이트 제작

    ОтветитьУдалить